Кызылордадағы жаңа газ ТЭС-і тәулік бойы электр энергиясын өндіре бастады

@МЭ РК
Кызылорда қаласындағы 240 МВт қуаты бар және 277 Гкал жылу энергиясын өндіретін жаңа бу-газ қондырғысында (БГҚ) белсенді іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Түркиялық Aksa Energy компаниясының тікелей жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылып жатқан бұл жоба аймақтың электр мен жылумен қамтамасыз ету қажеттілігін толығымен қанағаттандыруға бағытталған.
Қазіргі уақытта екі газ турбиналық қондырғысы тәулік бойы жұмыс істеп, біртұтас энергетикалық жүйеге 170 МВт қуат беріп, елдің оңтүстік аймағы үшін қосымша генерацияны қамтамасыз етеді.
Жақын арада тағы бір бу турбинасын пайдалануға енгізу жоспарлануда, бұл станцияны жобаланған көрсеткіштерге шығаруға мүмкіндік береді.
Кызылорда БГҚ-ын іске асыру Қазақстанның энергетикалық каркасын жаңарту бойынша Энергетика министрлігінің ауқымды жоспарының бір бөлігі болып табылады. Ағымдағы жылы республикада дәстүрлі және жаңартылатын энергияның рекордтық 2,64 ГВт куаттылығы пайдалануға енгізілуге арналған.
Жылдық жоспарға төрт бу-газ қондырғысын, екі жел электростанциясы мен төрт күн электростанциясын іске қосу, сондай-ай екі нысанда куаттарды кеңейту кірді.
Жаңа энергия нысандарының шамамен 16 млрд кВт*сағ электр энергиясын жыл сайын өндіруі күтілуде. Бұл шаралар елдегі энергия тапшылығын 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін толығымен жоюға, ал 2029 жылға дейін куаттардың тұрақты артықшылығын қамтамасаз етуге мүмкіндік береді.
Дереккөз: www.gov.kz
