Елордада фельдшердің өліміне қатысты сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
2026 ж. 16 тамыз

ЖаңалықтарАвтор: Gulnur Saparbek
Астанада қайтыс болған жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның ісі бойынша сот отырысының басталатын күні анықталды. Тыңдау ертең, 18 тамызда сағат 15:00-ге жоспарланған. Еске салайық, былтыр қараша айында Тәуелсіздік даңғылындағы ғимараттың сыртқы қаптамасы мен кондиционер құлап, шақыруға келген екі фельдшер мен өзге де азаматтар жарақат алған еді. Ауыр жағдайда ауруханаға түскен Ұлдана комадан оянмай көз жұмған болатын, осы қайғылы оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалған еді.
Тегтер:
Қаралым: 10
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
