USD447.14-1.05%EUR499.54-1.53%RUB5.46-1.27%CNY67.03-1.09%GBP598.90-1.54%JPY2.83-0.70%AED121.75-1.03%CHF546.76-1.13%USD447.14-1.05%EUR499.54-1.53%RUB5.46-1.27%CNY67.03-1.09%GBP598.90-1.54%JPY2.83-0.70%AED121.75-1.03%CHF546.76-1.13%USD447.14-1.05%EUR499.54-1.53%RUB5.46-1.27%CNY67.03-1.09%GBP598.90-1.54%JPY2.83-0.70%AED121.75-1.03%CHF546.76-1.13%

Солтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен азаматтың денесі табылды

2026 ж. 18 шілде
Солтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен азаматтың денесі табылды
БастыАвтор: Gulnur Saparbek

Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарының шекаралас аймағында іздеуде болған ер адамның мәйіті табылды. Марқұм СҚО Уәлиханов ауданы Қулыкөл ауылының тұрғыны болып шықты.

Өңірде дала өрті әлі де басылар емес. Қазіргі таңда төтенше жағдайдың салдарынан орын алған қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, жалын ошағының маңында түтінге уланып, есеңгіреп қалған ер адам мотоциклмен келе жатып, өзенге құлап кеткен. Соның салдарынан азамат суға батып қайтыс болды.

Іздестіру шаралары 15 шілде күні сағат 18:00 шамасында аталған тұлғаның жоғалғаны туралы хабар түскен сәттен бастау алды. Төрт күнге созылған ауқымды операция нәтижесінде марқұмның денесі 18 шілде күні таңертең табылды.

Іздеуге жергілікті тұрғындар белсенді атсалысты. Оқиға орнында халық арасынан 120-ға жуық ерікті, 50 мотоцикл және 25-тей көлік жұмылдырылды. Сонымен қатар, іздестіруге СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, арнайы жасақ пен сүңгуірлер тартылды.

Аталған оқиға бойынша тиісті тергеу жүріп жатыр, ал аймақтағы өртті сөндіру жұмыстары әлі де жалғасуда.

Тегтер:СҚОПавлодарӨртТЖММЧС РК
Қаралым: 105

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз