Халық әртісінің жасырын жоспары: Тамара Асар Қазақстанда алғашқы жез самаурындар құяды
2026 ж. 19 тамыз

КультураАвтор: Gulnur Saparbek
ҚР Халық әртісі Тамара Асар Қазақстан Халық партиясынан Құрылтай депутаттығына үміткер ретінде «Азамат LIVE» подкастында өз жоспарларымен бөлісті. Ол депутат болып сайланбаған жағдайда да жұмысы тоқтамайтынын, өндіріске тікелей қатысы бар екенін және әлеуметтік мәселелермен айналысатынын мәлімдеді. Әнші елімізде тарихта бұрын-соңды болмаған отандық жезден самаурындар құюға дайындалып жатқанын айтты. Бұл салаға бұрын араласпағандықтан, өндірістің қаншалықты қажет екенін енді түсініп келе жатқанын атап өтті. Тамара Асар әлеуметтік инклюзия жұмыстарын депутаттыққа байланысты жауып тастамайтынын, жағдайларды зерттеп, статистикасын шығарғанын жеткізді. Ол барлық бағыттағы істерді біртіндеп жалғастыратынын сенімді түрде айтты.
Тегтер:
Қаралым: 48
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
