USD447.14-1.05%EUR499.54-1.53%RUB5.46-1.27%CNY67.03-1.09%GBP598.90-1.54%JPY2.83-0.70%AED121.75-1.03%CHF546.76-1.13%USD447.14-1.05%EUR499.54-1.53%RUB5.46-1.27%CNY67.03-1.09%GBP598.90-1.54%JPY2.83-0.70%AED121.75-1.03%CHF546.76-1.13%USD447.14-1.05%EUR499.54-1.53%RUB5.46-1.27%CNY67.03-1.09%GBP598.90-1.54%JPY2.83-0.70%AED121.75-1.03%CHF546.76-1.13%

Қаскелеңдегі перзентханада үшем шетінеп кетті: Туыстары дәрігерлерді кінәлап отыр

2026 ж. 21 шілде
Қаскелеңдегі перзентханада үшем шетінеп кетті: Туыстары дәрігерлерді кінәлап отыр
БастыАвтор: Gulnur Saparbek

Қарасай клиникалық көпбейінді орталық аудандық ауруханасында 25 апталық жүктілік кезінде дүниеге келген үшем шетінеп кетті. Қайғыдан қан жұтқан отбасы оқиғаға медицина қызметкерлерінің салғырттығы себеп болғанын айтып, кінәлілерді жазаға тартуды талап етуде.

Жиырма сегіз жастағы келіншектің суы кетіп, өткен жұма күні Қаскелеңдегі перзентханаға түскен. Туыстарының айтуынша, дәрігерлер қалалық ауруханаға жіберуді сұраған өтінішке қарамастан, өздері босандырып алуды ұйғарған. Олар толғақ шақыратын екпе салып, нәрестелерді табиғи жолмен дүниеге әкелген.

Таңғы сағат жетіде туған шақалақтардың алдымен екеуі шетінегені хабарланса, кейіннен үшінші сәбидің де көз жұмғаны белгілі болған. Алайда туыстары бұл қайғылы хабардың анадан жасырылғанын айтып, ашулы. Қазірдің өзінде жақындары сәбилерді жер қойнына тапсырғанымен, шындықты анықтау үшін эксгумация жасауды талап етіп отыр.

Қарасай аудандық ауруханасы бұл жағдайдың аса ауыр критикалық жағдай екенін мәлімдеді. Дәрігерлердің түсіндіруінше, 25 аптада туған нәрестелердің салмағы өте төмен болып, олардың өкпесі мен орталық жүйке жүйесі толық жетіліп үлгермейді. Қазіргі уақытта көрсетілген көмектің сапасын анықтау үшін арнайы ішкі аудит жұмыстары жүріп жатыр.

Үш сәбиінен бірдей айырылған ана қазір перзентханада дәрігерлердің бақылауында. Отбасы бұл істің әділ тексеріліп, нәрестелердің өліміне қатысты кінәлі мамандардың қатаң жазаға тартылуын қалайды.

Тегтер:
Қаралым: 13

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз