Туристерді сан соқтырған алаяқ: 219 миллион қайда кетті?

Ақтөбе қаласының ондаған тұрғыны шетелдік демалыс үшін төлеген ақшаларын қайтара алмай, туристік фирманың алаяқтығына тап болғанын мәлімдеді. Зардап шеккендер Мысыр, Түркия және Грузия бағыттарына жолдама сатып алып, кейбірінің құны екі миллион теңгеге жеткенін айтады. Алайда ұшуға бір күн қалғанда компания өкілдері сапарлардың тоқтатылғанын хабарлап, кейін байланысқа шықпай қалған. Қазіргі уақытта бұл дағдарыстан 60-тан астам адам зардап шегіп, келтірілген жалпы шығын көлемі 219 миллион теңгені құрап отыр. Жиналған туристер аталған жайт бойынша тиісті арыз-шағымдарын түсіріп, құқық қорғау органдарына жүгінді. Ақтөбе облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, оның орналасқан жерін анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.
