Кенжебек Жанәбілов ауруханаға түсті: «МузАРТ» солисінің жағдайы қалай?
2026 ж. 7 тамыз

БастыАвтор: Gulnur Saparbek
Танымал эстрада жұлдызы, «МузАРТ» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов денсаулығы сыр беріп, медициналық мекемеге жеткізілді. Өнер иесі жүрек қан тамырларының бітелуі салдарынан алдымен жансақтау бөліміне түскенін, кейін дәрігерлердің кәсіби көмегі арқасында палатаға ауыстырылғанын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Әнші Шымкент қаласында өтетін концертке баруы тиіс еді, алайда күтпеген жерден жағдайы нашарлап, жоспарын өзгертуге мәжбүр болған. Ол өз кезегінде өмірін аман алып қалған дәрігерлер алқасына шынайы алғысын білдіріп, халықтан дұға тілеуді өтінді. Қазіргі уақытта эстрада жұлдызының денсаулығы тұрақталғанымен, басқа қосымша мәліметтер әзірге хабарланған жоқ.
Тегтер:
Қаралым: 34
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
