Темір тұлпарыңызды өткізіп, жаңасын мініңіз: Ескі көліктерге қатысты жаңа бағдарлама іске қосылуы мүмкін
2026 ж. 16 тамыз

БастыАвтор: Gulnur Saparbek
Қазақстанда ескі көліктерді кәдеге жарату бағдарламасын қайта жандандыру мәселесі қызу талқыланып жатыр. Егер бұл жоба мақұлданса, темір тұлпарын арнайы пункттерге тапсырған азаматтарға отандық жаңа көлік сатып алу үшін арнайы жеңілдік сертификаты берілмек. Қазіргі уақытта Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Жасыл даму» компаниясы бұл бастаманың нақты тетіктерін пысықтауда. Айта кетейік, елдегі автокөліктердің 44 пайыздан астамы – 20 жылдан бері қолданылып келе жатқан ескі техникалар. Мамандар бұл қадам ескі көліктерді біртіндеп айналымнан шығарып, жол қауіпсіздігін арттыруға жол ашатынын айтады. Дегенмен жеңілдіктің мөлшері мен бағдарламаның нақты шарттары әзірге түпкілікті бекітілген жоқ. Бұл туралы Өткір сөз хабарлайды.
Тегтер:
Қаралым: 18
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
