Аша Матай ұзақ үнсіздіктен кейін неліктен сыр ашты?

Қоғам қайраткері әрі танымал тұлға Аша Матай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында неліктен осы уақытқа дейін сайлау мәселесіне қатысты ашық пікір білдірмегенін түсіндіріп өтті. Оның айтуынша заң талаптары баршаға ортақ және кандидаттар тіркеліп жатқан кезеңде сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге қатаң тыйым салынады.
Бұл шектеулер 2026 жылғы 23 шілде сағат 18.00-ге дейін күшінде болды. Аталған мерзімге дейін кандидаттарды қолдауға немесе қолдамауға шақыруға, өз кандидатурасын насихаттауға және сайлаушыларды белгілі бір таңдау жасауға үгіттеуге болмайды. Заң талаптарын бұзу кандидатты немесе партиялық тізімді тіркеуден айыру сияқты әр түрлі жауапкершіліктерге әкеп соқтыруы мүмкін. Осыған байланысты ол заңды құрметтеп, үнсіздікті таңдағанын жеткізді.
Бүгінде заңды түрде сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталды. Бұл науқан 22 тамыз күні сағат 00.00-ге дейін жалғасады. Ал 22 тамыз тыныштық күні болып жарияланып, 23 тамыз сайлау күні екені атап өтілді және бұл күндері де кез келген үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады. Осы орайда танымал тұлға алдағы уақытта өз ойын ашық айтып, көкейінде жүрген мәселелерді оқырмандарымен еркін бөлісе алатынын қуанышпен жеткізді.
