Алматы әуежайы толығымен шетелдік инвестордың бақылауына өтеді
2026 ж. 29 шілде

ЖаңалықтарАвтор: Gulnur Saparbek
TAV Airports компаниясы Қазақстан Инфрақұрылымдық Қорына тиесілі қалған 15 пайыз акцияны 133 миллион долларға немесе шамамен 63 миллиард 400 миллион теңгеге сатып алу туралы келісімге келді. Мәміле аяқталған соң алматылық әуежай түгелдей Түркияның TAV Airports және француздың Groupe ADP холдингіне қарасты болады.
TAV Airports бас директоры Серкан Каптан бірінші жартыжылдықта жолаушылар легі артып, инвестициялық бағдарлама кесте бойынша жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Жылдың қалған бөлігінде жолаушылар тарифтерін кезең-кезеңімен арттыру жоспарланып отыр. Бұл шара авиациялық отын көлемінің азаюынан түсетін кірістің төмендеуін толықтай өтеуге мүмкіндік береді.
Тегтер:
Қаралым: 6
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
