Астана мен Ресей қалалары арасында жаңа тікелей әуе рейстері ашылуы мүмкін
2026 ж. 25 шілде

БастыАвтор: Gulnur Saparbek
Қасым-Жомарт Токаев елдер арасындағы көлік-логистика байланысын нығайту мақсатында жаңа әуе рейстерін ашуды ұсынды. Мемлекет басшысы халық саны бес жүз мыңнан асатын Ресейдің шекаралас қалалары мен Астана арасында тікелей рейстерді кезең-кезеңімен іске қосуды көздейтін арнайы бағдарлама әзірлеуді қажет деп санайды. Бұл бастама өзара туристік ағынды арттыруға және ортақ трансшекаралық маршруттарды құруға қолайлы жағдай жасайды. Президент қазіргі уақытта туризм саласындағы көрсеткіштер бойынша Ресейдің көш бастап тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ ортақ тарих пен тілдік кедергінің болмауы өңіраралық байланыстарды дамытуға тың серпін береді.
Тегтер:
Қаралым: 30
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
