Нұрай Серікбайдың отбасы сотталушыдан он миллиард теңге өндіру талабын түсіндірді
2026 ж. 10 тамыз

БастыАвтор: Gulnur Saparbek
Марқұм Нұрайдың ағасы Сұлтан Серікбай айыпталушыдан он миллиард теңге талап етудің себебін түсіндірді. Оның айтуынша бұл заңды тәсіл айыптының жазасын жеңілдетуге немесе мерзімінен бұрын босатылуына жол бермеу мақсатымен жасалып отыр. Өйткені айыпталушы мұндай қомақты қаражатты қайтара алмағандықтан өмір бойы қарыз болып қалады. Қолданыстағы заңнамаға сай жәбірленуші тарап кез келген мөлшерде өтемақы сұрауға хақылы ал түпкілікті шешімді сот қабылдайды.
Еске сала кетейік қаңтар айында Шымкентте жиырма бір жастағы студент қаза тапқан еді. Қылмысты жасады деп айыпталған Шерхан Аймахан кінәсін толық мойындаған жоқ. Аталған қайғылы оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып мемлекет басшысының ерекше бақылауына алынды.
Тегтер:
Қаралым: 28
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
