Анасын пышақтаған қазақстандық 9 айдан кейін Вьетнамнан табылды
2026 ж. 12 тамыз

БастыАвтор: Gulnur Saparbek
Анасын пышақпен бірнеше рет жаралаған қазақстандық азамат халықаралық іздеу жарияланғаннан кейін Вьетнамнан табылды. Оқиға өткен жылдың қарашасында болған. Тергеу дерегінше, ер адам үйінде мас күйінде анасымен жанжалдасып, оған пышақ жарақатын салған. Қылмыстық жауапкершіліктен жалтармақ болған күдікті шетелге қашып кеткен. Құқық қорғау органдары оның Дананг қаласында жүргенін анықтап, биыл маусымда ұстады. Бас прокуратураның сұрауы бойынша күдікті Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір ол қамауда. Ауыр зиян келтіргені дәлелденсе, оған 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Тегтер:
Қаралым: 11
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
