USD447.14-1.05%EUR499.54-1.53%RUB5.46-1.27%CNY67.03-1.09%GBP598.90-1.54%JPY2.83-0.70%AED121.75-1.03%CHF546.76-1.13%USD447.14-1.05%EUR499.54-1.53%RUB5.46-1.27%CNY67.03-1.09%GBP598.90-1.54%JPY2.83-0.70%AED121.75-1.03%CHF546.76-1.13%USD447.14-1.05%EUR499.54-1.53%RUB5.46-1.27%CNY67.03-1.09%GBP598.90-1.54%JPY2.83-0.70%AED121.75-1.03%CHF546.76-1.13%

Астана – Щучинск тасжолындағы жұрттың жағасын ұстатқан апат

2026 ж. 16 тамыз
Астана – Щучинск тасжолындағы жұрттың жағасын ұстатқан апат
БастыАвтор: Gulnur Saparbek

15 тамызда Астана – Щучинск автожолындағы ақы алу пунктіне кіреберісте «Toyota Land Cruiser Prado» көлігі жол апатына ұшырағанын хабарлайды Өткір сөз. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рөлде отырып ұйықтап кетіп, көлікті басқара алмай қалған. Салдарынан жол талғамайтын темір тұлпар жол инфрақұрылымының нысандарына келіп соғылды. Абырой болғанда, бұл оқиғада ешкім зардап шеккен жоқ. Көлікте жалғыз болған жүргізуші дәрігерлердің көмегінен бас тартты. Алайда апат салдарынан жол белгісі, қорғаныш буфері мен бетон блоктар зақымданды. Оқиға орнындағы кедергілер жойлып, қозғалыс сағат 11:34-те толықтай қалпына келтірілді. Бұл жағдай шаршаған күйде көлік тізгініне отырудың қаншалықты қауіпті екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Тегтер:
Қаралым: 19

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз