69 баланың өміріне кім жауапты?
2026 ж. 16 шілде

БастыАвтор: Gulnur Saparbek
Қазақстандағы су айдындарындағы ахуал алаңдатарлық. Шомылу маусымы басталғалы бері 69 бала суға батып қайтыс болды. Ішкі істер министрлігі бұл трагедиялардың басты себебі ретінде ата-аналардың демалыс кезінде спирттік ішімдікке салынып, балаларын қараусыз қалдыруын атап өтті.
Қазіргі таңда тәртіп сақшылары тыйым салынған орындарда шомылуға қатысты рейдтерді күшейтті. Жыл басынан бері ереже бұзған 2700 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері ата-аналарды демалыстың соңы қайғылы жағдаймен аяқталмауы үшін балалардың қауіпсіздігін бірінші орынға қоюға шақырады.
Тегтер:Шомылу маусымыСуға батқанБалалар
Қаралым: 17
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
