Мемлекет пен банк ақшасын қалтасына басқан Тараздағы жеке сот орындаушысына қатысты жайт әшкереленді
2026 ж. 31 шілде

БастыАвтор: Gulnur Saparbek
Тексеру нәтижесінде сот орындаушысы үш борышкерден мемлекет пен банктерге аударылуға тиіс қаражатты жеке шотына аударып, өз қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды. Тараз қаласының № 2 сотының үкімімен ол екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, үш жыл мерзімге сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығынан айырылды. Рақымшылық актісі негізінде сотталушы негізгі жазадан босатылды. Үкім заңды күшіне енді.
Бұдан бөлек прокуратура басқа да осындай деректерді анықтады. Қазіргі уақытта 23 борышкерден алынған 8 миллион 200 мың теңгені өндіріп алушыларға аудармаған тағы бір жеке сот орындаушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Тегтер:
Қаралым: 33
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
