Республикалық трассаларда жүргізушілерге тегін техникалық көмек көрсетіле бастады
2026 ж. 19 тамыз

БастыАвтор: Gulnur Saparbek
Еліміздің республикалық маңызы бар жолдарында көлігі бұзылған немесе дөңгелегі жарылған жүргізушілерге арнайы тегін көмек көрсету пилоттық жобасы іске қосылды.Жаңа қызмет түрі әзірге Астана – Аршалы және Астана – Теміртау бағыттарында жүзеге асырылуда.«ҚазАвтоЖолдың» арнайы техникалық көмек пикаптары жолда қалған азаматтарға дөңгелек ауыстыру сынды қажетті жұмыстарды тегін атқарады.Трассада көмек қажет болған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласу қажет.
Тегтер:
Қаралым: 16
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
