Қарағандыда қатты жел құлатқан ағаш бұтағы бес жасар баланың өмірін қиды
2026 ж. 17 тамыз

БастыАвтор: Gulnur Saparbek
Қарағанды қаласындағы Пришахтинск тұрғын алабындағы 23-шағын ауданда орын алған қайғылы оқиға салдарынан бес жасар бала қаза тапты. 16 тамыз күні соққан қатты желдің кесірінен ірі ағаш бұтағы үзіліп, аулада жүрген баланың үстіне құлаған. Бүлдіршін алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек бойынша облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша ағаш бұрын апатты жағдайдағы нысандар қатарына кірмеген.
Тегтер:
Қаралым: 24
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
