«5 миллион немесе түрме»: Шымкентте қызды алып қашты деген айыппен жігітті бопсалау дерегі тіркелді
2026 ж. 17 тамыз

ЖаңалықтарАвтор: Gulnur Saparbek
Шымкент қаласында 19 жастағы бойжеткен тұрмысқа шығуға өз еркімен келісімін беріп, кейін жігітін «алып қашты» деп айыптаған. Желіде тараған мәліметтерге сәйкес, қыз бұл жағдайға көз жұму үшін жігіттен 5 миллион теңге талап еткен. Ақша беруден бас тартқан жігіт пен оның досы қамауға алынғанымен, видеожазбаларда бойжеткеннің полицияға өз еркімен келгені анық көрінеді. Оқиғадан кейін күдіктінің туыстары дабыл қағып, бұл жағдайдың қарапайым азаматтарды бопсалайтын «бизнеске» айналып бара жатқанын жеткізуде.
Тегтер:
Қаралым: 7
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
