Үздік жүздіктен шығып қалды: Олимпиада чемпионы Елдос Сметов әлемдік рейтингте неге күрт төмендеді?
2026 ж. 18 тамыз

Спорт және денсаулықАвтор: Gulnur Saparbek
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Халықаралық дзюдо федерациясы жаңартқан әлемдік рейтингте бірден 5 саты төмендеп, 114-орынға сырғыды. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін саңлағымыз осылайша кәсіби мансабында алғаш рет үздік жүздіктен тыс қалды. Бұл құлдырауға былтырғы Париж Олимпиадасынан кейін спортшының халықаралық жарыстарға ұзақ уақыт қатыспауы және федерация ережесі бойынша бұрынғы ұпайларының есептен шығарылуы себеп болып отыр. Кезінде әлемдік рейтингтің көшін бастаған атақты балуанның еншісінде қазір 252 ұпай бар. Еске сала кетсек, Елдос Сметов – үш Олимпиада ойындарында қатарынан топ жарып, Рио күмісі, Токио қоласы және Париж алтынын еншілеген қазақстандық бірегей спортшы.
Тегтер:
Қаралым: 12
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
