USD447.14-1.05%EUR499.54-1.53%RUB5.46-1.27%CNY67.03-1.09%GBP598.90-1.54%JPY2.83-0.70%AED121.75-1.03%CHF546.76-1.13%USD447.14-1.05%EUR499.54-1.53%RUB5.46-1.27%CNY67.03-1.09%GBP598.90-1.54%JPY2.83-0.70%AED121.75-1.03%CHF546.76-1.13%USD447.14-1.05%EUR499.54-1.53%RUB5.46-1.27%CNY67.03-1.09%GBP598.90-1.54%JPY2.83-0.70%AED121.75-1.03%CHF546.76-1.13%

19 жастағы Мадинаның жұмбақ өлімі: «Барни» үшін жанжал ма, әлде жүйелі зорлық па?

2026 ж. 18 тамыз
19 жастағы Мадинаның жұмбақ өлімі: «Барни» үшін жанжал ма, әлде жүйелі зорлық па?
ЖаңалықтарАвтор: Gulnur Saparbek

Әлеуметтік желілерде 19 жастағы Мадинаның қайтыс болуына қатысты түрлі қауесет тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Желі қолданушылары қайғылы оқиғаға ас үйдегі ұсақ-түйек мәселе – «Барни» тәттісі үшін туындаған жанжал себеп болуы мүмкін екенін жазған еді.

Алайда бұл ақпараттың анық-қанығын білу үшін журналист Руслан Өтепбай марқұмның жақындарымен кездесіп, сұхбаттасты. Туыстары мен құрбыларының айтуынша, бір ғана тұрмыстық ұрыс адам өмірін қиюға жеткізбейтіні анық. Олар жас келіншектің отбасылық өмірі ұзақ уақыт бойы қиындықтар мен тұйыққа тірелгенін жеткізді. Жақындарының сөзінше, күйеуі оған жиі қол көтеріп, моральдық тұрғыдан қысым көрсеткен. Марқұмның отбасы бұл трагедия кездейсоқ жанжал емес, ұзаққа созылған отбасылық зорлық-зомбылықтың зардабы деп есептейді. Олар істің әділ тексеріліп, кінәлі тараптың заң аясында қатаң жауапқа тартылуын талап етіп отыр.

Тегтер:
Қаралым: 14

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз