USD447.14-1.05%EUR499.54-1.53%RUB5.46-1.27%CNY67.03-1.09%GBP598.90-1.54%JPY2.83-0.70%AED121.75-1.03%CHF546.76-1.13%USD447.14-1.05%EUR499.54-1.53%RUB5.46-1.27%CNY67.03-1.09%GBP598.90-1.54%JPY2.83-0.70%AED121.75-1.03%CHF546.76-1.13%USD447.14-1.05%EUR499.54-1.53%RUB5.46-1.27%CNY67.03-1.09%GBP598.90-1.54%JPY2.83-0.70%AED121.75-1.03%CHF546.76-1.13%

Катон-Карағайдағы жаңа әуежай биылғы жылдың соңына дейін қолданысқа беріледі

2026 ж. 25 шілде
Катон-Карағайдағы жаңа әуежай биылғы жылдың соңына дейін қолданысқа беріледі
БастыАвтор: Gulnur Saparbek

Шығыс Қазақстан облысындағы Қатон-Карағай ауданында бой көтеріп жатқан әуежайдың құрылысы 1 желтоқсанға дейін толық аяқталуы тиіс. Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен барған Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев қатаң тапсырма берді.

Үкіметтің мәліметінше, қазіргі таңда нысанның жалпы дайындығы 64 пайызын құрайды. Қазірдің өзінде ұшу-қону жолағы, ұшу-қону жолы және перрон секілді негізгі іргелі жұмыстар сәтті аяқталған. Сонымен қатар жолаушылар терминалы мен қосалқы ғимараттардың құрылысы қарқынды түрде жалғасуда.

Вице-премьер құрылыс қарқынын еселеп, жұмысшылар санын арттыруды міндеттеді. Сонымен қатар қыркүйек айына дейін асфальт төсеу, бетон құю және инженерлік коммуникация жүйелерін тарту жұмыстарын түгелдей бітіру қажеттігі атап өтілді.

Айта кетейік, бұл инфрақұрылымдық жоба мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін аймақтың көлік қатынасын жақсартуға және Катон-Карағай өңірінің туристік әлеуетін арттыруға зор үлес қоспақ.

Сапар барысында вице-премьер сондай-ақ Риддер ЖЭО-сын қайта жаңғырту жұмыстарымен, Өскемен қаласындағы теміржол вокзалының жай-күйімен және өңірдегі бірқатар өнеркәсіптік пен туристік жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

Тегтер:
Қаралым: 31

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз