Полиция формасымен билеген блогер Арайлым Жиенбаева айыппұл арқалады
2026 ж. 15 тамыз

БастыАвтор: Gulnur Saparbek
Әлеуметтік желілерді мониторинг жасау барысында тәртіп сақшылары құқық қорғау органдарының нысанды киімін киіп алып билеген бейнежазбаны анықтады. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде бұл контенттің авторы Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Блогер қыз қауіпсіздік қызметкерлерінің формасын киіп, көпшілік алдында ерсі қозғалыстар жасап, видеоны көпшілікке таратқан.
Құқық қорғау органдары бұл әрекетті заңсыз деп танып, істі сотқа жолдады. Сот шешімімен құқық бұзушыға тиісті мөлшерде айыппұл салынды. Полиция өкілдері кез келген азаматқа нысанды киімді заңсыз киюге болмайтынын ескертті.
Тегтер:
Қаралым: 21
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
