Оралдағы жол апаты: Төрт баласымен жалғыз қалған әке қаза тапты
2026 ж. 3 тамыз

БастыАвтор: Gulnur Saparbek
Орал қаласындағы Деркөл кенті маңында болған жол апатынан 47 жастағы Роман Бондарь қаза тапты. Lada Granta жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп Volkswagen көлігімен соқтығысқан. Соққыдан кейін Volkswagen артында келе жатқан Mercedes шағын автобусына соғылған.
Марқұм бір жыл бұрын әйелінен айырылып төрт қызын жалғыз өсіріп отырған еді. Енді балалар толық жетім қалды. Туыстарының айтуынша апатқа кінәлі жүргізуші мас күйде болған.
Полиция бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып қажетті сараптамалар тағайындалды.
Тегтер:
Қаралым: 19
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
