«Челси» сапына қосылған Дастан Сәтпаевтың жаңа нөмірі белгілі болды
2026 ж. 25 шілде

БастыАвтор: Gulnur Saparbek
Лондондық «Челси» клубы Азия мен Аустралияға жасалатын алдағы сапарға қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. Жаңа құрамға сай қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев отыз алтыншы нөмірді алды. Клуб өкілдері бұл нөмірлердің уақытша екенін, яғни ресми маусым басталар алдында өзгеруі мүмкін екенін ескертті. Футболшы командамен бірге Сиднейге аттанып, бірнеше жолдастық кездесуге қатысады. Айта кетейік, жас ойыншының алаңға ресми ойындарда шығуы тамыз айында кәмелетке толған соң ғана мүмкін болады.
Тегтер:Дастан СатпаевЧелсиФутбол
Қаралым: 38
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
