Шымкенттегі шошыларлық жағдай: Аттракционнан құлаған жасөспірімнің қолы сынды
2026 ж. 13 тамыз

БастыАвтор: Gulnur Saparbek
Шымкенттегі Жайлаукөл саябағындағы аттракционнан жасөспірім қыздың құлап жарақат алуына байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Оқыс оқиға 8 тамыз күні кешке Джампинг аттракционында болып, салдарынан кәмелетке толмаған баланың қолы сынды. Зардап шеккен қыздың анасының айтуынша қайғылы жағдай тростардың үзілуінен орын алуы мүмкін. Қазіргі уақытта құзырлы органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады. Парк әкімшілігі әзірге бұл жағдайға қатысты отбасымен хабарласпаған.
Тегтер:
Қаралым: 12
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
