Таксидегі масқара: Жүргізушіден сүюді талап еткен жолаушы қамауға алынды
2026 ж. 18 тамыз

ҚауымАвтор: Gulnur Saparbek
Астанада таксиге мінген жолаушы межелі жерге жеткен соң көліктен түспей, әйел жүргізушіден өзін сүюді талап еткен. Ұсынысынан бас тартқан жүргізушіні балағаттап, бейнетіркегішті жұлып алуға әрекеттенген ер адам видеоны жарияласаң күш көрсетемін деп қорқытқан. Жүргізуші дереу көмекке жүгініп, мәселеге құқықтық баға берілді. Сотта өз кінәсін толық мойындаған құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды.
Тегтер:
Қаралым: 13
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
