Жоспарланған жекпе-жек кейінге шегерілді: Шавкат Рахмонов октагонға қашан оралады?
2026 ж. 27 шілде

БастыАвтор: Gulnur Saparbek
Қазақстандық танымал файтер Шавкат Рахмонов денсаулығына байланысты 2026 жылы октагонға қайта орала алмайды. Бұл туралы спортшының бапкері Эдуард Базров мәлімдеді.
Қазіргі уақытта спортшы аяғын емдетіп жатқандықтан, толыққанды оқу-жаттығу жиындарын өткізуге мүмкіндігі жоқ. Дегенмен, дәрігерлер жеңіл жаттығулар жасауға рұқсат етіп, оңалту процесіне қатысты жақсы болжам айтып отыр. Қазір Шавкат күніне бір рет қана жаттығып, физикалық дайындық пен бокс элементтерін орындаумен шектеліп жүр.
Бапкердің айтуынша, жарақаттан кейін әркім әрқалай қалпына келетіндіктен, Шавкат Рахмоновтың қашан оралатыны әзірге белгісіз, алайда ол 2027 жылдың ақпанында ғана толық дайын болып, сауыққан соң бірден мықты қарсыласпен кездеседі.
Тегтер:Шавкат РахмоновUFC
Қаралым: 34
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
