Көпшілікке «Өрмекші-адам» арқылы танымал актрисаның қайтыс болғаны айлар өткен соң ғана жарияланды
2026 ж. 4 тамыз

БастыАвтор: Gulnur Saparbek
«Өрмекші-адам: Үйге жол жоқ» фильмінде Нед Лидстің әжесінің рөлін сомдаған танымал актриса Мэри Ривера 83 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Өткір сөз хабарлайды. Актрисаның көз жұмғанына біраз уақыт өткен. Ол 15 сәуірде Гонолулуда қайтыс болғанымен, бұл ақпарат тек қазір белгілі болып отыр.
Актриса инсульт алып, комаға түскен. Дәрігерлердің жағдайына қатысты берген болжамдарынан кейін туыстары оны аппараттан ажыратуға шешім қабылдаған. Мэри Ривераның артында күйеуі, төрт баласы, 11 немересі мен төрт шөбересін қалды.
Тегтер:
Қаралым: 26
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
