Вальс корольінің есімі ардақталды: Елімізде «Шәмші Қалдаяқов» медалі тағайындалды
2026 ж. 16 тамыз

БастыАвтор: Gulnur Saparbek
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен еліміздің марапаттар тізімі жаңа атаулармен толықты. Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың хабарлауынша, бұдан былай «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағы ресми түрде табысталады. Бұл бастама ұлттық мәдениетті, әсіресе музыка мен бейнелеу өнерін өркендетуге өлшеусіз үлес қосып жүрген тұлғаларды қолдауға бағытталған. Айта кетейік, мәдениет пен өнер саласын жан-жақты дамыту мәселесі жаңа Конституцияда да мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ретінде бекітілген болатын. Жаңа марапаттар еліміздің рухын көтеріп, өнер адамдарының еңбегін әділ бағалаудың жарқын көрінісіне айналмақ.
Тегтер:
Қаралым: 22
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
