Қазақстан қандай тізімге ілікті? АҚШ-тың жаңа баяндамасы нені ескертеді?
2026 ж. 14 тамыз

ЖаңалықтарАвтор: Gulnur Saparbek
АҚШ билігі қытайлық тауарлардың баж салығынан жалтаруы мүмкін 40-тан астам мемлекетті анықтап, арнайы баяндама жариялағанын хабарлайды Өткір сөз. Ақ үй бұл елдерді сауда ауқымы мен логистикалық ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлді. Олардың қатарына Канада мен Еуроодақтан бастап, Сингапур, Біріккен Араб Әмірліктері және Қазақстан да кірді. Дегенмен тізімге ену бұл мемлекеттерге тағылған нақты айыптау емес, тек ықтимал тәуекелдерді жіктеуді білдіреді. Вашингтон бұл қадам арқылы Қытай өнімдерінің үшінші елдер арқылы айналып өту жолдарын қатаң бақылауға алмақ. Жаңа ережелер халықаралық бизнес пен экспорттаушылардан тауарлардың шығу тегін мұқият тексеруді талап етеді.
Тегтер:
Қаралым: 7
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
