USD447.14-1.05%EUR499.54-1.53%RUB5.46-1.27%CNY67.03-1.09%GBP598.90-1.54%JPY2.83-0.70%AED121.75-1.03%CHF546.76-1.13%USD447.14-1.05%EUR499.54-1.53%RUB5.46-1.27%CNY67.03-1.09%GBP598.90-1.54%JPY2.83-0.70%AED121.75-1.03%CHF546.76-1.13%USD447.14-1.05%EUR499.54-1.53%RUB5.46-1.27%CNY67.03-1.09%GBP598.90-1.54%JPY2.83-0.70%AED121.75-1.03%CHF546.76-1.13%

Ақ халатты алаяқтар: 3,5 миллиард теңгені қалай жымқырған?

2026 ж. 3 тамыз
Ақ халатты алаяқтар: 3,5 миллиард теңгені қалай жымқырған?
БастыАвтор: Gulnur Saparbek

Қаржы мониторингі агенттігі медицина саласында ауқымды заңбұзушылықтарды анықтады. Шамамен 140 мың азамат медициналық ұйымдарға фиктивті түрде тіркеліп көрсетілмеген қызметтер үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан заңсыз қаржы алынған.

Бүгінгі таңда осы деректер бойынша 36 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 3,5 миллиард теңгеден асады. Түркістан облысындағы аурухананың заңсыз әрекеттерінен мемлекетке 501 миллион теңге шығын келтіріліп екі күдікті қамауға алынды.

Сонымен қатар Астана қаласындағы жеке клиника басшысы мен Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығының қызметкері түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Алматы облысында да стоматологиялық клиникалардың басшысы фиктивті медициналық қызметтер көрсетіп 4 жылға сотталды.

Тегтер:
Қаралым: 18

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз