Қазақстанда аптап ыстықтан көз жұмғандар саны төрт есе өсті
2026 ж. 4 тамыз

БастыАвтор: Gulnur Saparbek
Биыл елде ыстықтың салдарынан 26 адам қайтыс болды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда шамамен төрт есе көп екенін хабарлайды Өткір сөз.
Соңғы айларда жедел жәрдемге жүгінген 30 мың адамның 2700-ге жуығы күн өту, ағзаның қызып кетуі және сусыздану белгілері бойынша көмек алып, 200-ге жуық науқас ауруханаға жатқызылды. Мысалы, Атырау қаласында аптап ыстық кезінде жедел жәрдемге тәулігіне мыңнан аса шақырту түскен.
Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі және жасыл энергетика жөніндегі жобалық кеңсе өкілдерінің мәліметінше, өңірдегі ауа температурасы әлемдік орташа көрсеткіштен екі есе жылдам көтеріліп жатыр.
Тегтер:
Қаралым: 23
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
