Северцов мұздығынан адам сүйегі табылды: Мәйітті эвакуациялау мәселесі әлі шешілген жоқ
2026 ж. 19 тамыз

ЖаңалықтарАвтор: Gulnur Saparbek
Алматы облысының Талгар ауданындағы Северцов мұздығынан туристер адам сүйегін тапқанын хабаралайды Өткір сөз. Белоруссиядан келген саяхатшылар бұл туралы төтенше жағдайлар қызметіне хабарласып, оқиға орнының координаталары мен видеоларын жіберді. Дегенмен сүйекті мұздықтан шығарып алу мәселесі әзірге шешімін тапқан жоқ. Бұл аумақта адам қаза тапқаны туралы ақпарат былтырғы туристік есептерде де болғаны анықталды. Оқиға орнына жақын жерден өзге туристер марқұмның құжаттарын тауып алғаны айтылды. Қазіргі кезде Төтенше жағдайлар департаменті ақпаратты полицияға жолдап, ресми хат күтіп отыр. Мамандар мен белсенділер күз түсіп, ауа райы нашарлағанға дейін тиісті жұмыстарды жеделдетуді сұрайды.
Тегтер:
Қаралым: 12
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
