Әйелі ажалдан аман қалғанда, Тұрсынбек Қабатов қайда еді?: Шоуменнің жұбайы миллиондаған адамды әбігерге салған зілзаладан қалай сытылып шықты?

Қытайда миллиондаған тұрғынды әбігерге салған жойқын «Дельфин» тайфуны басталмас бұрын, елде жүрген Айман Талғатқызы қауіпті аймақтан қалай аман шығып кеткенін айтып жұртты таңғалдырды. Арнайы қосымша арқылы табиғи апаттың жақындап келе жатқанын алдын ала сезген ол, барлық жоспарын шұғыл өзгертіп, билеттерін екі күн ертерек уақытқа ауыстырып үлгерген. Ол еліне оралғаннан кейін көп ұзамай қуатты стихия елдің шығыс бөлігін басып қалып, желдің жылдамдығы сағатына 150 шақырымнан асып түсті. Салдарынан мыңдаған рейс тоқтатылып, Шанхай қаласы соңғы 150 жылдағы ең рақымсыз нөсер мен рекордтық жауын-шашынның астында қалды. Миллиондаған адам қауіпсіз жерге көшіріліп жатқанда, бұл апаттан көрегендігінің арқасында аман қалған отандасымыздың бұл қадамы желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.
