USD447.14-1.05%EUR499.54-1.53%RUB5.46-1.27%CNY67.03-1.09%GBP598.90-1.54%JPY2.83-0.70%AED121.75-1.03%CHF546.76-1.13%USD447.14-1.05%EUR499.54-1.53%RUB5.46-1.27%CNY67.03-1.09%GBP598.90-1.54%JPY2.83-0.70%AED121.75-1.03%CHF546.76-1.13%USD447.14-1.05%EUR499.54-1.53%RUB5.46-1.27%CNY67.03-1.09%GBP598.90-1.54%JPY2.83-0.70%AED121.75-1.03%CHF546.76-1.13%

Лионель Месси мансабын қашан аяқтайтынын айтып футбол әлемін шулатты

2026 ж. 3 тамыз
Лионель Месси мансабын қашан аяқтайтынын айтып футбол әлемін шулатты
КультураАвтор: Gulnur Saparbek

Жасы 39-ға келсе де, жасыл алаңның көркі болып жүрген аңыз Лионель Месси әлемдік спорт қауымдастығын тағы да таңғалдырды. Оның жанкүйерлері үшін қуанышты да интригаға толы хабар тарады: аргентиналық шабуылшы ұлттық құрамадағы мансабын әлі аяқтауға асықпайды!

Танымал инсайдер Фран Касареттоның мәліметінше, Мессидің жақын ортасынан жеткен сенімді ақпарат бойынша, ол Аргентина құрамасының намысын 2028 жылға дейін қорғауды шешкен.

«Лионель Месси әзірге халықаралық мансабымен қоштасуды жоспарлап отырған жоқ. Ол өз елінің сапындағы ойындарын 2028 жылғы Америка Кубогына дейін жалғастырады деп күтілуде», — деп жазды инсайдер әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұл шешім футбол жанкүйерлері арасында қызу талқы тудырып отыр. Себебі бұған дейін көпшілік оның ұлттық құрамадағы соңғы ойындарын көріп жүрміз деп ойлаған еді. Енді міне, «Интер Майами» жұлдызы жанкүйерлерін тағы да бірнеше жыл бойы өз өнерімен тәнті ететін болды.

Тегтер:
Қаралым: 17

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз