Ақшыл киім мен камера қателігі: Алматыда жүргізуші неге негізсіз айыппұл алды?
2026 ж. 13 тамыз

БастыАвтор: Gulnur Saparbek
Алматы тұрғыны көлікті қауіпсіздік белдігімен басқарғанына қарамастан, автоматты камерадан айыппұл алғанын мәлімдеді. Жүргізушінің айтуынша, оның ақшыл түсті киімі мен белдік бір-бірімен түстес болып көрінгендіктен, жүйе оны қателікпен тіркеген. Суреттен ременьнің тағылып тұрғаны анық көрінеді, бірақ камера оны ажырата алмаған. Еске сала кетейік, биыл 12 наурызда Алматыда жол қозғалысы ережелерін автоматты түрде анықтайтын камералардың мүмкіндіктері кеңейтілген болатын. Жаңа жүйе көлік басқару кезінде телефон қолдану мен белдік тақпау деректерін де жазады.
Тегтер:
Қаралым: 14
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
