Үш әйел алып, тығырыққа тірелген блогер

Қазақстанда көп әйел алушылықты ашық насихаттап, қаржылық қиындыққа тап болғанын жеткізген блогерге қатысты құқық қорғау органдары шара қолданды.
Желіде үш әйел алып, алайда оларды асырауға қаражаты жетпей отырғанын айтып шағымданған контент-мейкер заң бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тексеру барысында блогердің өз парақшасында көп әйел алу дәстүрін дәріптеп, мұндай тұрмыстық модельді қалыпты жағдай ретінде көрсетіп келгені анықталды.
Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, бұл сипаттағы контент еліміздің қолданыстағы заң талаптарына қайшы келеді әрі дәстүрлі отбасы құндылықтарына сызат түсіреді. Нәтижесінде, құқық бұзушыға 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Тәртіп сақшыларымен өткен түсіндіру жұмыстарынан кейін блогер өз парақшасындағы дау тудырған барлық жарияланымдарды өз еркімен жойды.
