«Челсидегі» қазақстандық дебют: Дастан Сәтпаевтың тағдыры не болады?
2026 ж. 20 шілде

БастыАвтор: Gulnur Saparbek
Лондондық «Челсидің» жаңа бапкері Хаби Алонсоның қол астындағы алғашқы сынағында қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сәтпаев жанкүйерлер мен сарапшылар назарына ілікті. 17 жастағы футболшы «Кроули Таунға» қарсы өткен жабық жолдастық кездесуде екінші таймда алаңға шығып, ағылшын клубындағы алғашқы қадамдарын жасады.
Британдық Talk Chelsea басылымы жас легионердің дебютіне ерекше тоқталып, оны команданың болашағына үміт артқан ойыншылар қатарында атап өтті. Дегенмен, жас шабуылшының «Челсидегі» болашағы әлі де сұрақ тудырып отыр: клуб бапкерлері ойыншыны негізгі құрамға бекіту немесе тәжірибе жинақтау үшін басқа командаға жалға беру нұсқаларын әлі де талқылауда. «Қайраттың» түлегі үшін бұл мансабындағы жаңа әрі маңызды кезеңнің бастауы болмақ.
Тегтер:ЧелсиДастан СатпаевФутбол
Қаралым: 16
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
