USD447.14-1.05%EUR499.54-1.53%RUB5.46-1.27%CNY67.03-1.09%GBP598.90-1.54%JPY2.83-0.70%AED121.75-1.03%CHF546.76-1.13%USD447.14-1.05%EUR499.54-1.53%RUB5.46-1.27%CNY67.03-1.09%GBP598.90-1.54%JPY2.83-0.70%AED121.75-1.03%CHF546.76-1.13%USD447.14-1.05%EUR499.54-1.53%RUB5.46-1.27%CNY67.03-1.09%GBP598.90-1.54%JPY2.83-0.70%AED121.75-1.03%CHF546.76-1.13%

Атырауда полиция мас күйінде қарсылық көрсеткен азаматты көтеріп апаруға мәжбүр болды

2026 ж. 23 шілде
Атырауда полиция мас күйінде қарсылық көрсеткен азаматты көтеріп апаруға мәжбүр болды
БастыАвтор: Gulnur Saparbek

Атырауда полицейлердің ер адамды қол-аяғынан ұстап көтеріп бара жатқан видеосы жұртшылықтың қызу талқысына түсті. Бұл жағдайға қатысты тәртіп сақшылары түсініктеме берді.

Анықталғандай, 20 шілде күні патрульдік полиция қызметкерлері отбасылық жанжал шыққан жерге шақырту бойынша келген. Алайда үйдегі екі ер азамат тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбай, белсенді түрде қарсылық көрсеткен.

Тексеру кезінде азаматтардың бірінің мас күйінде болғаны және өз аяғымен жүре алмайтыны белгілі болды. Салдарынан полицейлер оны облыстық психикалық денсаулық және наркология орталығына (медициналық куәландыруға) осылайша көтеріп апаруға мәжбүр болған.

Оқиғаның нәтижесі бойынша сот шешімі шықты: тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен ер адамдардың біріне 5 тәулік, ал наркологқа қолда көтеріліп жеткізілген екінші тұрғынға 15 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Тегтер:
Қаралым: 14

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз