USD447.14-1.05%EUR499.54-1.53%RUB5.46-1.27%CNY67.03-1.09%GBP598.90-1.54%JPY2.83-0.70%AED121.75-1.03%CHF546.76-1.13%USD447.14-1.05%EUR499.54-1.53%RUB5.46-1.27%CNY67.03-1.09%GBP598.90-1.54%JPY2.83-0.70%AED121.75-1.03%CHF546.76-1.13%USD447.14-1.05%EUR499.54-1.53%RUB5.46-1.27%CNY67.03-1.09%GBP598.90-1.54%JPY2.83-0.70%AED121.75-1.03%CHF546.76-1.13%

Терезе арқылы кірген ұры: Ауыл әкімінің планшетін ұрлаған күдікті қалай ұсталды?

2026 ж. 13 тамыз
Терезе арқылы кірген ұры: Ауыл әкімінің планшетін ұрлаған күдікті қалай ұсталды?
БастыАвтор: Gulnur Saparbek

Ақмола облысында кафеге ұрлыққа түскен жас жігіт қолға түсті. Целиноград ауданының полициясына жергілікті дәмханалардың біріне терезе арқылы бейтаныс адамның кіргені туралы хабарлама келіп түсті. Бейнебақылау камераларындағы күдіктінің болжамды бейнесі жедел түрде патрульдік нарядтарға жолданды. Іздестіру жұмыстарына қатысқан учаскелік инспекторлар Н.Ж. Иманбеков пен Н.М. Маукен 11 тамыз күні сипаттамаға сәйкес келетін 2004 жылғы жас жігітті ұстады. Тексеру барысында оның қасынан табылған планшеттің ауылдық әкімдіктен ұрланғаны анықталды. Ауыл әкімі өзінің жоғалған мүлкін танып, оның бұрын ұрланғанын растады. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

Тегтер:
Қаралым: 12

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз