Тосын қауіптен аман қалды: Теңізде қайығымен жоғалған үш жаңаөзендік аман-есен табылды
2026 ж. 16 тамыз

ЖаңалықтарАвтор: Gulnur Saparbek
«Кендірлі» демалыс базасының маңында резеңке қайықпен теңізге шығып, жоғалып кеткен үш жаңаөзендік азамат аман-есен табылды. Төтенше жағдайлар министрлігі мен Шекара қызметінің күштері дереу іздестіру жұмыстарын ұйымдастырып, бірінші ер адамды судан алып шықты. Қараңғы түсуіне және аумақтың кеңдігіне қарамастан, түн бойы төрт бағыт бойынша ауқымды іздеу операциясы жүргізілді. Нәтижесінде құтқарушылар мен еріктілер қалған екі тұрғынды жағадан он шақырым қашықтықта тірідей тапты. Бұл көмек көрсету жұмыстарына тікұшақтар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары да жұмылдырылды.
Тегтер:
Қаралым: 11
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
