«Қыз қайда кетті?»: Қарағандыда полиция мен қызметтік ит жұмбақ жағдайда жоғалған бойжеткенді қалай тапты?
2026 ж. 7 тамыз

БастыАвтор: Gulnur Saparbek
Қарағандыда таңертең қыдырып кетіп, кешке оралмаған 18 жастағы бойжеткен табылды.Анасы қызының байланысқа шықпай қалғанын айтып, полицияға жүгінген. Бойжеткен телефонын үйге тастап кеткендіктен, туыстары өз бетімен таба алмаған.Оқиға орнына кинолог пен қызметтік ит жедел жетті. Төрт аяқты көмекші қала көшелерімен жүріп отырыпқыздың ізін тапқан. Полицейлер мен қызметтік иттің үйлесімді жұмысының арқасында қыз аман-есен табылып, анасына қайтарылды. Полиция департаменті істің өзге мәліметтері жарияланбайтынын хабарлайды.
Тегтер:
Қаралым: 43
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
