Махамбет Өтемісов атындағы университет ректорына қатысты тергеу басталды!
2026 ж. 21 шілде

БастыАвтор: Gulnur Saparbek
Батыс Қазақстан университетінің ректоры Нұрлан Серғалиевтің ұсталғанын Ғылым және жоғары білім министрлігі ресми түрде растады. Желіні шулатқан бұл жұмбақ жағдайды қоғамдық кеңес мүшесі де растап отыр.
ЗКГУ немесе БҚУ басшысы Нұрлан Серғалиев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен назарға ілікті.
Оның жұмыс кабинеті мен үйінде тінту жұмыстары жүргізілгені хабарланды.
Алдын ала мәлімет бойынша, бұл құпия операцияны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ҰҚК департаменті бірлесіп атқарған.
Ғылым және жоғары білім министрлігі ұстау фактісін растағанымен, нақты себептері мен мән-жайын әзірге жариялаған жоқ. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Тегтер:
Қаралым: 30
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
