Камераны алдамақ болған айлакер: Нөмірін скотчпен жапқан жүргізушінің әрекеті немен аяқталды?
2026 ж. 17 тамыз

ЖаңалықтарАвтор: Gulnur Saparbek
Жетісу облысында көлік нөмірін скотчпен жауып, айыппұлдан қашпақ болған 21 жастағы жүргізуші ұсталды. «Toyota Camry» автокөлігімен Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолында келе жатқан тәртіп бұзушы камерадан жасырыну үшін нөмірдегі цифрлардың бірін бүркеп алған. Заманауи бейнебақылау жүйелерінің көмегімен полиция оны дереу анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Көлік арнайы тұраққа қойылып, жүргізуші бес тәулікке дейін қамауға алынуы және бір жылға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. Полиция өкілдері мемлекеттік нөмірді әдейі жасыру заңды өрескел бұзу екенін ескертті.
Тегтер:
Қаралым: 10
Пікірлер (0)
Жүктелуде...
